Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік хатшының өкілеттігін арттырды

Опубликовано:

Тағайындау
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мемлекеттік хатшысының өкілеттігін өзгертті. Тиісті қаулы НҚА Эталондық бақылау банкінде жарияланды.

"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы № 379 Жарлығындағы өзгеріске сәйкес, мемлекеттік хатшы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
  • Қазақстан Республикасының Президентіне ішкі саясат саласы бойынша стратегиялық ұсыныстарды тұжырымдайды;
  • Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Парламентімен және оның палаталарымен, басқа да мемлекеттік органдармен, саяси партиялармен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда; халықаралық қарым-қатынастарда оның атынан өкілдік етеді;
  • Әлеуметтік-гуманитарлық сала мәселелері бойынша білім, ғылым, мәдениет және спорт салаларының; мемлекет басшысының жанындағы мына консультативтік-кеңесші органдардың; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның; мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның; Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның; Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның; Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы жөніндегі республикалық комиссияның, шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның;
  • Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның; Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның; Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның; Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның; Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметтерін үйлестіреді;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының қызметіне жетекшілік етеді, қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік талдамалық құрылымдардың жұмысын үйлестіреді;
  • "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тағайындау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген ресми құжат мәтінінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953840-qasym-zomart-toqaev-memlekettik-xatsynyn-okilettigin-arttyrdy/

pixel