Ақан Абдуалиев МСМ Мәдениет комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

Опубликовано:

Ақан Абдуалиев
Фото: primeminister.kz

Ақан Абдуалиев мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды премьер-министр сайты.

Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Ақан Жылқышыбайұлы Абдуалиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.

Ақан Абдуалиев 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын, Алматы экономика және статистика академиясын, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген. 

Еңбек жолын 1996 жылы Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының вокалисті болып бастаған.  Әр жылдары "Қазақконцерт" РМҚК, "Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада және цирк колледжі" РМҚК, "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" РММ, "А. Жұбанов атындағы Дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты" РММ, "Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы" РМҚК жұмыс істеген. 

2016-2018 жылдары — Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы. 

2018-2019 жылдары — Алматы облысы әкімінің орынбасары. 

2019 жылғы тамыз айынан 2021 жылғы маусым айына дейін — "Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" РММ ректоры.

2021 жылғы маусымда ҚР МСМ Мәдениет комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953897-aqan-abdualiev-msm-madeniet-komitetinin-toragasy-qyzmetinen-bosatyldy/