Әкімдік Шымкент басшысы Мұрат Әйтеновтің "қызметінен кеткені" туралы ақпаратқа жауап берді

Опубликовано:

Мұрат Әйтенов
Мұрат Әйтенов. Фото: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желіде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қызметінен кеткені туралы ақпарат пайда болды. Осыған қатысты қалалық әкімдік пікір білдірді, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Шымкент қаласының әкімдігі желіде тарап жатқан ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Бүгін көптеген БАҚ өкілі осындай сауалмен жүгінді. Бірақ әкім Мұрат Әйтеновтің қызметінен кеткені туралы қауесет фейк. Біз жұмыс орнымызда, жұмыс істеп жатырмыз", - дейді Шымкент әкімінің баспасөз хатшысы Бекен Қоныс.

Еске сала кетейік, Мұрат Әйтенов аталған қызметке 2020 жылғы қаңтар айында тағайындалған болатын.

Оған дейін Шымкент әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1954080-akimdik-symkent-bassysy-murat-aitenovtin-qyzmetinen-ketkeni-turaly-aqparatqa-zauap-berdi/