Елден шығарылған ақшаларды қайтару: Тоқаев министрлер кабинетіне 2 ай уақыт берді

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында министрлер кабинетіне Қазақстаннан заңсыз шығарылған ақшаларды қайтару жоспарын әзірлеу үшін екі ай уақыт берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Үкіметке екі ай мерзім ішінде шетелге заңсыз әкетілген қаражат пен онда сатып алынған активтерді елге қайтаруға қатысты ұсыныстар беру тапсырылады", - деді Тоқаев.

Еске сала кетсек, үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорына қатысты маңызды мәселелер 10 күннен кейін қайта талқыланатынын мәлімдеген еді.

Сонымен бірге, Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы - Қазақстанның айырықша қаласы екенін айтып, шаһардың жаңа әкіміне "алматылық рух" пен қала тұрғындарының көтеріңкі көңіл-күйін қайтару керектігін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1955151-qazaqstannan-sygarylgan-aqsalardy-qaitaru-toqaev-ministrler-kabinetine-2-ai-uaqyt-berdi/