Арман Қырықбаев Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Жарияланған күні:
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев өзінің жаңа орынбасарын тағайындады. Бұл лауазымға Арман Қырықбаев келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Қырықбаев Арман Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол Президент әкімшілігінің келісімімен әкім өкімі бойынша тағайындалды" , -деп хабарлады қалалық әкімшілік өкілдері.
Қырықбаев ішкі саясат, мәдениет және спорт салаларына жетекшілік етеді.
Арман Қырықбаев 45 жаста, Целиноград қаласының дүниеге келген. Ол Қазақ мемлекеттік басқару академиясында, сондай-ақ Қазақстан СІМ Дипломатиялық академиясында оқыған. Мамандығы - халықаралық экономист.
Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінде, Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істеген. 2005 жылы Медеу ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитетіне басшылық еткен. 2010 жылдан 2012 жылға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1955820-arman-qyryqbaev-almaty-qalasy-akiminin-orynbasary-bolyp-tagaiyndaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.