Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абылай Мырзахметов "Атамекен" ҰКП-ның басқарма төрағасы қызметінен кетінін айтты

Опубликовано:

Абылай Мырзахметов
Абылай Мырзахметов. Фото: "Атамекен" ҰКП

"Атамекен" ҰКП-ның кезектен тыс ІХ съезінде палатаның басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов өз еркімен қызметінен кетінін айтты. Бұл туралы Ұлттық палатаның баспасөз қызметі хабарлады.

Мырзахметовтің сөзінше, ол ауылға барып, елдегі кәсіпкерлерге қолдау көрсетпек.

"Мен жақында бір сұхбатымда айттым, өзім ауылда өскенмін, қаным қазақ, жаным ашиды. Осы қоғамдық жұмыспен елге барамын. Қазақ балаларын жұмысқа тартамын. Қолымнан келгенше бар жинаған тәжірибемді, білімімді, жігерімді соған жұмсаймын", - дейді Абылай Мырзахметов.

Айта кетейік, бүгінгі съезде Райымбек Баталов "Атамекен" ҰКП төралқасының жаңа төрағасы болып сайланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1956783-qazaq-balalaryn-zumysqa-tartamyn-abylai-myrzaxmetov-atameken-ukp-nyn-basqarma-toragasy-qyzmetinen-ketetinin-aitty/

pixel