Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путин мен Байден Макронның саммит өткізу туралы ұсынысын қабыл алды

Опубликовано:

Владимир Путин мен Джо Байден
Фото: http://kremlin.ru

Жексенбі күні Франция президенті Эммануэль Макрон мен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Француз тарапы Путиннің Украина төңірегіндегі жағдайды дипломатиялық жолмен шешуге "басымдық беру керектігіне" келіскенін жеткізді. Сондай-ақ елдің шығысында атысты тоқтатуға ықпал ететіндігі туралы айтылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "BBC" жаңалықтарына сілтеме жасай отырып.

Путин Украина мен Ресейдің қорғаныс министрліктерінің басшылары "жақын күндері" кездесетінін растады.

Макрон АҚШ президенті мен Ресей президентінің қатысуымен саммит өткізуді ұсынды. Путин мен Байден бұл ұсынысты қабыл алды.

"Ол (Макрон) президент Байден мен президент Путин арасында саммит өткізуді ұсынды. Сонымен қатар Еуропадағы қауіпсіздік және стратегиялық тұрақтылық мәселелері жөнінде мүдделі тараптармен кездесу өткізу көзделіп отыр. АҚШ пен Ресей президенттері мұндай саммит өткізу туралы идеяны мақұлдады", - делінген Елисей сарайының мәлімдемесінде.

"РИА Новости" басылымының мәліметінше, Ресей Украинаға басып кірмеген жағдайда ғана саммит өткізіледі.

Саммиттің күн тәртібін 24 ақпанда АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров кездесу кезінде дайындайды.

Сондай-ақ, Ресей мен Украина басшыларынан бөлек, Германия мен Франция қатысатын "норман форматы" аясында диалогты қайта бастауға келіскендері белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957032-putin-men-baiden-makronnyn-sammit-otkizu-turaly-usynysyn-qabyl-aldy/

pixel