Путин Қазақстанның егемендігі туралы сөз қозғады
Опубликовано:

Ресей президенті Владимир Путин мен Әзірбайжан басшысы Ильхам Әлиевтің Мәскеуде болған кездесуінде Қазақстанның егемендігі туралы сөз қозғалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Кремльдің ресми сайтына сілтеме жасап.
"Сізбен кездесудің алдында мен Қазақстан президентімен сөйлестім. Менің ойымша, бұл - Ресей көршілерінің егемендігін қолдап, оны жан-жақты нығайтып отырғанының өте жақсы мысалы", - деді Путин сейсенбіде.
Оның айтуынша, Қазақстанмен болған мысал да осындай, және ол Ресейдің дәл осындай саясатын растайды.
"Өздеріңізге белгілі, Қазақстан басшылығының өтініші бойынша біз халықаралық терроризмнің сыртқы агрессиясына байланысты Қазақстанды ҰҚШҰ аясында қолдадық. Ал бұл мәселе жойыла салысымен, Қазақстан басшылығының өтініші бойынша біз ҰҚШҰ контингенті құрамындағы барлық қарулы күштерімізді шығардық және Қазақстанмен жұмыстың барлық бағыттары бойынша ынтымақтастықты жалғастырамыз, бұл, әрине, Ресейге де, Қазақстанға да тиімді және Қазақстанның егемендігін нығайтады", - деді ол.
Бұған дейін бұл кездесуде Путин Ресей бұрынғы кеңестік республикалардың егемендігін қолдайтыны туралы айтқанын хабарланған болатынбыз.
Алайда ол Украинаға қатысты жағдай бұл елге сыртқы әсермен байланысты болғандықтан, ерекше болып отырғанын айтқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957413-putin-qazaqstannyn-egemendigi-turaly-soz-qozgady/