Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Банктердің 70 пайызына шектеу: Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялардың екінші пакетін жариялады

Опубликовано:

Еуропалық Одақ Ресейге қарсы санкциялардың екінші пакетін дайындауда
Илюстрациялық сурет: https://pixabay.com

Еуропалық Одақта Украинамен қақтығыстың ушығуы аясында енгізілетін Ресейге қарсы санкциялардың екінші пакеті дайындалуда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"РИА Новости" басылымының мәліметінше, Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен Еуропалық одақтың Ресейге қарсы санкцияларының екінші пакеті ресейлік банк нарығының 70 пайызына және негізгі мемлекеттік компанияларға, соның ішінде қорғаныс секторына әсер ететінін айтты.

"Бүгін бекітілген жаппай мақсатты санкциялар пакеті ЕО бірлігін көрсетеді. Бұл пакетке ресейлік банк нарығының 70 пайызына және негізгі мемлекеттік компанияларға, соның ішінде қорғанысқа бағытталған қаржылық санкциялар кіреді", - деді ЕО басшысы.

Сондай-ақ, ЕО ресейлік авиакомпанияларға ұшақтарды сатуға тыйым салу туралы шешім қабылдады.

"Бұл Ресей экономикасының негізгі секторының және елдің байланыс саласындағы мүмкіндіктердің құлдырауына әкеледі. Қазіргі ресейлік коммерциялық әуе флотының төрттен үш бөлігі Еуропалық Одақта, АҚШ-та және Канадада салынды. Сондықтан ол бұған қатты тәуелді", - деп түсіндірді фон дер Ляйен.

Сонымен қатар, спикер энергетика саласындағы жаңа санкциялар Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуды "мүмкін емес ететіндігін" деп атап өтті.

Бұдан басқа, Ресейдің жартылай өткізгіштер және жаңа бағдарламалық қамтамасыз ету сияқты "маңызды технологияларға" қол жеткізуі, сондай-ақ РФ дипломаттары мен бизнесмендерінің Еуроодақ елдеріне "артықшылықтары" шектелетін болады.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ Ресейді БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен шығаруды ұсынған болатын. Сонымен қатар, жақында Канада Ресейге қарсы санкциялар енгізсе, Франция президенті Украинаға әскери техника мен 300 миллион еуро беруге уәде берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957897-bankterdin-70-paiyzyna-sekteu-euroodaq-reseige-qarsy-sankciyalardyn-ekinsi-paketi-zariyalady/