Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Франция Украинаға 300 миллион еуро көлемінде қаражат пен әскери техника бермек

Опубликовано:

Франция астанасы
Көрнекі фото: pixabay.com

Франция президенті Эммануэль Макрон Украинаға көмек ретінде 300 миллион еуро көлемінде қаражат пен әскери техника беретіндерін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Сонымен қатар, Франция әскерлерін Румынияға орналастыру процесін жеделдетеді.

Макрон Украина президентінің өтініші бойынша Путинмен телефон арқылы сөйлескенін жасырған жоқ.

"Менде Зеленскийдің өтініші бойынша Путинмен шұғыл, тікелей және ашық тілдесу мүмкіндігі туындады. Сөйлесу кезінде, алдымен соғыс қимылдарын тезірек тоқтатуды сұрадым, сосын, Зеленскиймен сөйлесуді ұсындым. Бұл туралы Украина президенті сұраған еді. Оның өзі хабарласа алмай жүр", - деді Макрон.

Ресей президентімен әңгіме барысында ол Зеленский мен Францияның ұсынысын жеткізген. Бірақ әзірге аталған тілдесу ешқандай "нәтиже" берген жоқ.

Осы орайда Макрон Франция соғыс қимылдарын тоқтату жұмыстарын жалғастыра беретінін растады.

Ол Еуро одақ елдерінің санцияларынан бөлек, Францяи да Ресейге өз санциясын енгізетінін мәлімдеді. Бұл туралы кейінірек хабарланбақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957884-franciya-ukrainaga-300-million-euro-koleminde-qarazat-pen-askeri-texnika-bermek/

pixel