jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Зеленский Путинді келіссөз үстеліне отыруға шақырды

    Владимир Зеленский
    Фото: Facebook/ Украина президентінің кеңсесі

    Украина президенті Владимир Зеленский өз үндеуінде Ресей президенті Владимир Путинге келіссөздер жүргізуді ұсынды. Үндеу Украина президенті кеңсесінің ресми Facebook парақшасында жарияланды.

    Зеленский өз сөзін қорытындылай келе Владимир Путинді келіссөз жүргізуге шақырды.

    "Мен Ресей Федерациясының президентіне тағы бір рет жүгінгім келеді. Украинаның барлық аумағында ұрыс жүріп жатыр. Адамдардың өлімін тоқтату үшін келіссөз үстеліне отырайық", - деді президент.

    Еске салсақ, 22 ақпанда Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Донецк халық республикасы мен Луганск халық республикасының тәуелсіздігін мойындау туралы жарлыққа қол қойған болатын. Ресейдің бұл шешімі әлем елдерінің наразылығын тудырып, бірқатар мемлекет бұл жайтқа ашық түрде қарсы шықты. Бұл әрекетті Украина президенті Владимир Зеленский "Украинаның аумақтық тұтастығын бұзу" деп атады.

    23 ақпанда Еуроодақ Донецк және Луганск халық республикаларын мойындаған Ресейге қарсы санкциялар жариялады.

    Свежая публикация по теме:
    Зеленский Аляскадағы саммиттен кейін Трамппен сөйлесті

    Араға екі күн салып, 24 ақпанда Владимир Путин ресейліктерге үндеу жасап, Донбасста арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді.

    Украинадағы жағдайға байланысты қазақстандықтарды қауіпсіз жерге көшіру шаралары басталды.

    Зеленский Путинді келіссөз үстеліне отыруға шақырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.