Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зеленский Ресейдің Беларусьте келіссөз жүргізу туралы ұсынысына жауап берді

Опубликовано:

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: facebook.com/president.gov.ua

Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен Беларусь аумағында келіссөз жүргізуді бастау туралы ұсынысқа жауап берді.

ТАСС агенттігінің жазуынша, Зеленский Ресейдің Беларусьте келіссөз жүргізуді бастау туралы ұсынысынан хабардар екенін мәлімдеген.

Украина президентінің айтуынша, Киев Гомельде келіссөз жүргізуге келісер еді, егер олардың тарабынан (Беларусь-ред.) агрессиялық әрекеттер болмағанда.

Сондықтан Зеленский келіссөз алаңы ретінде Беларусь территориясын емес, басқа да қалаларды таңдауға болатынын айтады.

Оның сөзінше, Киев Ресей тарабына келіссөз алаңы ретінде - Варшава, Будапешт, Стамбұл, Баку сынды қалаларды ұсынған.

"Біз кездесуді қалаймыз, біз соғыстың аяқталғанын қалаймыз. Ресей тарабына Варшава, Будапешт, Стамбұл, Бакуды ұсындық (келіссөз жүргізу ретінде - ред.). Негізінде бізге қарай ракеталарын жібермейтін кез келген елдегі қала болады. Осылай ғана келіссөздер әділ өтіп, соғыстың тоқтауына септігін тигізуі мүмкін", - дейді Украина президенті.

Айта кетейік, бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ресейлік делегация Украина тарабымен келіссөз жүргізу үшін Беларуське келгенін хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958227-zelenskii-reseimen-belaruste-kelissoz-zurgizu-turaly-usynysqa-zauap-berdi/

pixel