Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркия Ресей мен Украинаның әскери кемелері үшін бұғаздарды жабатынын мәлімдеді

Опубликовано:

Түркия
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркия Ресейдің Украинадағы әскери операциясын соғыс деп атап, Монтре конвенциясына сүйене отырып, Босфор мен Дарданелл бұғаздарын жабатынын мәлімдеді. Бұл туралы РБК басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Басылымның жазуынша, Түркия Ресей мен Украина арасындағы жағдайға қатысты өзінің ресми ұстанымын CNN Turk эфирінде айтқан.

Елдің Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглудың сөзінше, Түркия қақтығысқа қатысушы тараптарға қатысты Монтре конвенциясының 19-бабын бұлжытпай орындайтын болады.

"19-бапта анық жазылған. Бастапқыда бұл Ресей тарабынан жасалған шабуыл болды. Біз оны мамандармен, әкерилермен, заңгерлермен талқыладық. Енді бұл соғысқа айналып кетті", - дейді Чавушоглу.

Басылымның мәліметінше, конвенцияның 19-бабында соғыс уақытында Түркия соғысқа қатысушы мемлекет болмаса, онда соғысып жатқан елдердің әскери кемелері бұғаздардан өте алмайтыны жазылған. Бірақ ережеден тыс жайттар да бар. Мәселен, Түркия өзара көмек туралы келісім бойынша шабуыл құрбаны болған мемлекетке көмек көрсетуге міндетті болуы мүмкін.

Дегенмен, соғысушы елдердің әскери кемелері өздерінің негізгі порттарына оралу үшін бұғаздар арқылы өте алады.

Айта кетсек, 24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Украинада әскери операция басталғанын хабарлаған соң, Укрина президенті Владимир Зеленский Түркияға жүгініп, Дарданелл бұғазын ресейлік кемелер үшін жабуды өтінген еді.

Алайда бүгінге дейін Босфор мен Дарданелл бұғаздары ресейлік кемелер үшін ашық тұрған болатын.

Босфор және Дарданелл бұғаздары Мәрмәр теңізі мен Қара теңізді Жерорта теңізімен байланыстырады. Бұл Қара теңізден Дүниежүзілік мұхитқа шығатын жалғыз жол. Бұғаздардың екі жағалауы да Түркияның бақылауында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958304-turkiya-resei-men-ukrainanyn-askeri-kemeleri-usin-bugazdardy-zabatynyn-malimdedi/

pixel