jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    БҰҰ халықаралық сотында Украинаның Ресейге қарсы ісі бойынша отырыс күні белгіленді

    БҰҰ соты
    Фото: "Эхо Москвы" басылымы

    Гаагадағы БҰҰ Халықаралық соты 7-8 наурызда Ресей мен Украина арасындағы геноцид қылмысының алдын алу және ол үшін жазалау туралы 1948 жылғы Конвенцияны бұзу мәселесі аясында алдын алу шарасы бойынша сот тыңдалымын өткізеді.

    Бұл жайында ТАСС соттың баспасөз хабарламасына сілтеме жасап жазады.

    "Отырыс 7-8 наурызда өтеді. Тыңдалым Украина берген алдын алу шараларын енгізу туралы талаптарға қатысты болады", - делінген сот хабарламасында.

    Сонымен қатар, басылымның мәліметінше, Ресей сот төрағасы Джон Донохюден шұғыл жеке хабарлама алған. Онда Донохью Ресейге "соттың алдын алу шараларын қабылдау туралы кез келген шешіміне тиісті түрде әрекет ету қажет екенін" жеткізген.

    Естеріңізге сала кетейік, 27 ақпанда Украина Гаагадағы БҰҰ Халықаралық сотына Ресейге қарсы арыз жолдады. Ол Ресей Федерациясын "агрессияны ақтау мақсатында геноцид ұғымын бұрмалағаны үшін" жауапқа тартуды талап етті.

    БҰҰ халықаралық сотында Украинаның Ресейге қарсы ісі бойынша отырыс күні белгіленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.