Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы бір Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды

Опубликовано:

Ілияс Өсеров
Ілияс Өсеров. Фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Ілияс Ерікұлы Өсеров Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Ілияс Өсеров 1985 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Тұран-Астана университетін бітірген. 

Еңбек жолын 2007 жылы "Сбербанк" АҚ әкімшісі, жетекші маманы, менеджері болып бастаған.

2009-2010 жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінде түрлі лауазымдар атқарған.

  • 2010-2013 жылдары Экономикалық даму және сауда министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы;
  • 2013-2014 жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің басқарма басшысы;
  • 2014-2015 жылдары Қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаменті Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бас сарапшысы;
  • Бас прокуратура жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы;
  • 2015-2019 жылдары Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, басшысы;
  • 2019 жылы Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

2019 жылдың мамыр айынан қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958932-tagy-bir-ulttyq-ekonomika-vice-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel