jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Ақтөбеде пакет ішінен нәресте табылды: мән-жайлар айтылды

Көрнекі
Нәресте. Иллюстрациялық фото: pexels.com

Ақтөбеде пакет ішінен табылған нәрестенің оқиғасына қатысты жаңа деректер белгілі болды. Пакетті бірінші болып 11 жастағы жасөспірім ескі гараждар маңындағы ағаш түбінен тауып алыпты, деп хабарлайды "Мой город".

Жасөспірім қыз бірден ата-анасына хабарлаған, ал ата-анасы полиция шақырыпты. Ал пакеттен жаңа туған сәби мен оның жолдасы шыққан.

Нәресте қалалық балалар ауруханасына жеткізілді.

"23 мамырда, сенбі күні қалалық ауруханаға пакетке салынған нәресте жолдасымен бірге жеткізілді. Сәбиге салқын тиген, ол бірден жансақтау бөліміне жеткізіліп, қажетті ем-дом жасалды. Қазіргі таңда баланың жағдайы тұрақты", - дейді Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Аманжолова.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде қоқыстан нәресте салынған пакет табылғанын жазған едік.

Ақтөбеде пакет ішінен нәресте табылды: мән-жайлар айтылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.