Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украинаға гуманитарлық көмек: Қайда және кімге әкеліп беруге болады

Опубликовано:

Украинаға гуманитарлық көмек
Илюстрациялық сурет: https://pixabay.com

Бүгін, 3 наурыз күні, қазақстандықтардың Украина азаматтары үшін жинаған гуманитарлық көмегі тиелген алғашқы ұшақ Нұр-Сұлтаннан Украинаға ұшады. Бұл туралы Украинаның Қазақстандағы елшілігінің Instagram-дағы ресми парақшасында ақпарат жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Елшіліктің хабарлауынша, алғашқы ұшақ Украинаға дәрі-дәрмектерді, келесісі бірінші кезекте қажет заттарды жеткізеді.

Көмектесуге ниет білдірген қазақстандықтар гуманитарлық көмекті Нұр-Сұлтан қаласындағы Қараөткел-2 шағын ауданы, Жылыой көшесі №12 мекенжайында орналасқан Украинаның Қазақстандағы елшілігіне тікелей апара алады.

Сондай-ақ, гуманитарлық көмекті сатып алуға көмектесу үшін еріктілермен байланысуға немесе ақшалай жіберуге болады. Барлық байланыс нөмірі елшіліктің парақшасында көрсетілген.

Дипломатиялық өкілдікте атап өткендей, қазір ең қажеттісі - балаларға арналған тауарлар. Мысалы: памперстер, балалар тағамы, жаялықтар, киім, сондай-ақ зардап шеккендерге арналған дәрі-дәрмектер.

Сонымен қатар, көптеген қазақстандықтар көмек ретінде деген заттарын елордадағы елшілікке тікелей алып барады. Әлеуметтік желілерде пайдаланушылар сол жерде түсірілген видеоларды бөлісіп жатқанын байқалады. Кадрлардан жан-жақтан келген гуманитарлық көмек тиелген көліктен заттарды түсіріп жатқанын көруге болады.

Бизнес субъектілері де шетте қалған жоқ. Қазақстандағы ірі мейрамханалар желісінің бірі көмек акциясын ұйымдастырды. Қазақстандықтар азық-түлікке мейрамханалардан тамаққа тапсырыс беруге арналған қосымшалар арқылы төлей алады. Бұл өнімдер Қазақстан елшілігі арқылы Украинаға жіберіледі. Толығырақ abr.kz Instagram парақшасынан оқуға болады.

Украинаға гуманитарлық көмек жинауды Қостанайдағы медициналық компания да қолға алды. Компания өзінің Instagram-дағы парақшасында қазақстандықтардың Украинаға көмек ретінде не жібере алатынын және оны Қостанай мен облыс тұрғындарына қалай жасау керектігін түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1959022-ukrainaga-gumanitarlyq-komek-qaida-zane-kimge-akelip-beruge-bolady/

pixel