Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҰҰ әскери операция басталғалы бері Украинадан 1,2 млн адам кеткенін хабарлады

Опубликовано:

Әуежайдағы жолаушылар
Көрнекі фото: pixabay.com

Біріккен ұлттар ұйымы Жоғарғы комиссар басқармасының дерегінше, әскери операция басталған уақыттан бері Украинадан 1,2 млн азамат кетіп қалған, деп хабарлайды CNN.

Басылымның хабарлауынша, оның ішінде шамамен 650 мың азамат Польшаға барған. Венгрияда 145 мың, Молдавада 103 мың Украина азаматы бар.

Ал Словакияға 90 мың адам, Румынияға шамамен 57 мың украиналық босқын барған.

Чехия үкіметі Украинадан келген әрбір босқынға 220 доллардан төлемек. Сондай-ақ, украиналықтарды үйіне кіргізген жергілікті тұрғындарға да ақша төленеді.

Польшада да украиналықтарды паналатқан тұрғындарға ақша беріледі.

Ал Германияда украиналықтар еңбек нарығы мен медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі.

Еске сала кетсек, бұған дейін НАТО басхатшысы Йенс Столтенберг алдағы уақытта Украинадағы жағдай шиеленісуі мүмкін деген мәлімдеме жасаған еді.

Столтенбергтің сөзінше, НАТО (Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымы- ред ) басшылары Украинадағы қақтығыстың ушығуы жалғасады деп санайды. Бұл құрбандар санының өсуіне әкеледі.

Сонымен бірге, Украина президенті Владимир Зеленский кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің үшінші раунды жақын арада өтуі мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

Бұл ретте ол тараптардың бір-бірімен тұрақты байланыста екенін атап өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1959481-buu-askeri-operaciya-bastalgaly-beri-ukrainadan-12-mln-adam-ketkenin-xabarlady/

pixel