Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арандатушылық": Сыртқы істер министрі ресейлік депутат Зюгановтың сөзіне пікір білдірді

Жарияланған күні:

Геннадий Зюганов
Геннадий Зюганов. Фото: NATALIA KOLESNIKOVA/AFP via Getty Images

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей коммунистік партия жетекшісі Геннадий Зюгановтың Қазақстанның солтүстік облыстары туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мұхтар Тілеуберді Геннадий Зюгановтың сөзіне оппозиция тұрғысынан баға беру керектігін айтты.

"Біріншіден, ресми наразылық болмайды. Біз Зюгановтың Ресей федерациясының Коммунистік партиясы көшбасшысы ретінде қазіргі үкіметке оппозиция екеніне сүйенеміз. Ал оппозиция әрдайым қазіргі биліктің ресми ұстынымынан ерекшеленеді немесе оған қарама-қайшы пікір білдіреді.
Зюгановтың сөзін Ресейдің федералдық арналарының ешқайсысы көрсеткен жоқ. Президентіміздің Мәскеуге жұмыс сапары барысында Ресейдің Қазақстанға ешқандай территориялық талаптары жоқ екені жоғары деңгейде расталды", - деді Тілеуберді.

Екіншіден, министрдің сөзінше, Ресей федерациясының Коммунистік партиясы КОКП идеологиясына негізделген Кеңес одағы Коммунистік партиясының мұрагері болып табылады.

Бұл идеологияның негізі дүниежүзілік социалистік революцияны жүзеге асыруды және бүкіл әлемде пролетариат диктатурасын орнатуды көздеген марксизм-ленинизм болды.

Оның айтуынша, бұл видеоның Украинадағы оқиғалар кезінде желіде пайда болуы кездейсоқ емес.

"Қарулы әскери қақтығыс жаһандық ақпараттық кеңістікте, оның ішінде Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде де күрестің шиеленісуімен қатар жүретінін түсіну керек.

Сондықтан осы және бұдан басқа да арандатушылыққа қарсы реакцияны сіздер - журналистер де қарастыруларыңыз керек екенін түсінуге тиіссіздер. Сіздер бұл видеоның неліктен бұрын емес, дәл қазір пайда болғанын, оны кім шығарып, таратқанын және т.б. жайттарды зерттеп алуларыңыз керек. Бұл сіздердің журналистік зерттеуді талап ететін дүние" - деп түйіндеді сөзін СІМ басшысы.

Сыртқы істер министрі Ресей мен Қазақстан арасындағы аумақтық даулардың туындау мүмкіндігіне де тоқталды.

"Бұл мүмкін емес, өйткені біздің мемлекеттер арасында қажетті құқықтық база бар, шекарамыз делимитацияланды, қазір демаркация процесі жүріп жатыр. 2-3 жылда демаркация процесі аяқталады", - деді Тілеуберді.

Еске сала кетсек, ақпан айының соңында Ресей президенті Владимир Путин Әзірбайжан басшысымен кездесуінде Қазақстанның егемендігі туралы айтқан болатын. Ресей басшысының айтуынша, Ресей "бұрынғы кеңестік республикалардың егемендігін қолдайды".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960049-arandatusylyq-syrtqy-ister-ministri-reseilik-deputat-zyuganovtyn-sozine-pikir-bildirdi/