Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зеленский Украинадағы БАҚ-қа Ресейдің әрекетін ақтауға тыйым салатын заңға қол қойды

Опубликовано:

қол қою1
Көрнекі фото: pixabay.com

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің әрекетін ақтауға бағытталған ақпараттық өнімдерді дайындауға және таратуға тыйым салатын заңға қол қойды, деп хабарлайды Украинская Правда Жоғарғы Рада сайтына сілтеме жасап.

Заңға сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарының Ресей үкіметінің әрекетін ақтауына, заңды деп тануына немесе олардың 2014 жылы Украинаға қарсы "қарулы агрессиясын" жоққа шығаруына болмайды.

Атап айтқанда, Ресейдің Украинаға қарсы әрекетін "ішкі жанжал", "азаматтық қақтығыс", "азаматтық соғыс" деп көрсетуге тыйым салынған

Заңды бұзған партиялардың, діни және қоғамдық ұйымдардың Украинада қызметі тоқтатылады.

Еске сала кетсек, Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялардың төртінші пакетін ұсынды. Енді Ресей Федерациясының аумағына Еуропадан құны 50 мың еуродан жоғары автокөліктерді экспорттауға, сондай-ақ болат өнімдерінің бір бөлігін импорттауға тыйым салынады.

Сонымен бірге, санкция салынған жеке және заңды тұлғалардың тізімі кеңейді. Олардың қатарында Роман Абрамович, Сулейман Керимов, "Альфа-групп" негізін қалаушылар Герман Хан мен Алексей Кузьмичев, "Яндекс" басқарушы директоры Тигран Худавердян және басқалары бар.

Айта кетсек, бұған дейін Ресей АҚШ-тың лауазымды тұлғаларына қарсы санкциялар енгізген болатын. Тізімге ел президенті Джо Байден, мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен және басқа да лауазымды шенеуніктер кірген.

Осыған байланысты Ақ үй Ресейдің Байденге қарсы санкциясына пікір білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1961035-zelenskii-ukrainadagy-baq-qa-reseidin-areketin-aqtauga-tyiym-salatyn-zanga-qol-qoidy/

pixel