Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Еліміздегі оң өзгеріске үлес қосқымыз келеді": Adal партиясы Amanat-қа қосылатынын мәлімдеді

Опубликовано:

Адал партиясы
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Adal партиясының саяси кеңесі Amanat партиясына қосылу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Партия хатшысы Эльдар Жұмағазиев неліктен бұндай шешім қабылданғанын түсіндірді.

"Adal партиясының бүгінгі күнге дейінгі тың идеялары мен заманауи технологиялық көзқарастары президентімізге салмақты қолдау бола алады деп есептейміз. Кез келген өзгерісте сабырлы қалпымен салмақты шешім қабылдайтын Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс стилі бізге ұнайды. Ол қазір әділетті мемлекет құруды көздеп отыр.

Мемлекет басшысының бүгінгі Қазақстан халқына Жолдауы аясында айтқан саяси реформалары соның тағы бір дәлелі. Бірақ бұл айтылған реформалар қалай жүзеге асырылады? Мәселе осында. Ол үшін бүкіл қазақ қоғамы бірігуі қажет.

Президент реформаларының жергілікте жерде тиісті деңгейде іске асырылмай қалу қаупі жоғары. Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқан "Достарға – бәрін, қалғанына заң бойынша" деген қағидамен келген қоғамның өткенін ұмытпауымыз керек.

Сол үшін, біз, адалдықтар Жаңа Қазақстанды құруға белсенді қатысып, еліміздегі оң өзгеріске үлес қосқымыз келеді.

Партияластарымызбен ақылдаса келе, бүгін Adal-дың саяси кеңесінде президенттік Amanat партиясына қосылу туралы бірауыздан шешім қабылдадық", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1961076-elimizdegi-on-ozgeriske-ules-qosqymyz-keledi-adal-partiyasy-amanat-qa-qosylatynyn-malimdedi/

pixel