Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Украинадағы қазақстандықтарды эвакуациялауға атсалысқан дипломаттарды марапаттады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялау жұмыстарын сәтті ұйымдастырғаны үшін дипломаттарды мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Ақорда.

ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен

  • Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Калетаев Дархан Аманұлы;

І дәрежелі "Айбын" орденімен

  • Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің кеңесшісі Қызыр Думан Манарбекұлы;

ІІ дәрежелі "Достық" орденімен

  • Харьков қаласындағы қазақ диаспорасының жетекшісі, Украина Қаражанова Макка Сағынғалиқызы;
  • Қазақстан Республикасының Львов қаласындағы құрметті консулы, Украина Маслюк Галина Дмитриевна;

"Құрмет" орденімен

  • Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің кеңесшісі (консулдың міндетін атқарған) Әлібеков Аслан Аманжолұлы;

"Ерен еңбегі үшін" медалімен

  • Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Елшілігінің Уақытша сенімді өкілі Жаманқұлов Рүстем Тұңғышбайұлы;
  • Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшілігінің атташе – консулы Кагенов Азамат Мағжанұлы;
  • Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің екінші хатшысы – консулы Маманов Дархан Серікұлы;
  • Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы  – консулы Сәбитұлы Бекзат;

"Шапағат" медалімен

  • Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің департамент директорының орынбасары Амангелдин Руслан Берекеұлы;
  • Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі консулының көмекшісі Денисенко Анна Владимировна;
  • Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің екінші хатшысы Қаржаубаев Азамат Құдайбергенұлы;
  • Қазақстан Республикасындағы волонтерлік корпустың жетекшісі Тұяқбаев Шыңғыс Ермекұлы наградталды.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1961313-toqaev-ukrainadagy-qazaqstandyqtardy-evakuaciyalauga-atsalysqan-diplomattardy-marapattady/

pixel