Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Боранбаев екі айға қамауға алынды

Опубликовано:

Қайрат Боранбаев
Фото: olympic.kz

Қайрат Боранбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды елордалық сот сайты.

"2022 жылдың 17 наурызында Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ. С. Боранбаевқа қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа да деректері ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.

Ал Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми Telegram парақшасында ведомство квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын мәлімдеді. Күдікке ілінген Қайрат Боранбаев уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1961333-qairat-boranbaev-eki-aiga-qamauga-alyndy/

pixel