Данияр Ақышев Елбасының көмекшісі қызметінен босатылды
Опубликовано:

Данияр Ақышев Тұңғыш президент - Елбасының көмекшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды elbasy.kz.
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасының шешімімен Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасының көмекшісі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Данияр Ақышев Елбасының көмекшісі болып, 2019 жылдың сәуір айында тағайындалған еді. Оған дейін ол Ұлттық банктің төрағасы болды.
Биыл ақпан айында Данияр Ақышев Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1961513-daniyar-aqysev-elbasynyn-komeksisi-qyzmetinen-bosatyldy/