Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Уақыт жетті": Зеленский Мәскеуді тағы келіссөзге шақырды

Опубликовано:

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: president.gov.ua

Украина президенті Владимир Зеленский ресми Мәскеуді тағы да бейбіт келіссөздер жүргізуге шақырып отыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Зеленскийдің айтуынша Украина Ресей тарабына үнемі бейбітшілік пен қауіпсіздік туралы әділ келіссөз жүргізуді ұсынып келеді. Киев пен Мәскеу бұған дейін бірнеше бейбіт келіссөз жүргізген. Бірақ олар нәтижесіз аяқталған.

"Ресей үшін өзінің қателіктерін түзетудің жалғыз мүмкіндігі – бейбітшілік пен қауіпсіздік туралы әділ келіссөз жүргізу. Біз мәселені үнемі бейбіт жолмен шешуге шақырып келдік. Осы тұста барлығына, әсіресе, Мәскеуге айтарым келіссөз жүргізетін уақыт жетті. Украинаның аумақтық тұтастығын қалпына келтіру керек. Әйтпесе, Ресей орасан шығынға ұшырай береді", - дейді ол.

Сонымен қатар, Зеленский Ресей әскері жасыл дәліздер арқылы гуманитарлық жүктердің жеткізілуіне кедергі келтіріп отырғанын да айтты. Соңғы деректер бойынша бұл дәліздер арқылы қазірге дейін 180 мың бейбіт тұрғын эвакуацияланған.

Еске сала кетейік, Ресей-Украина арасында кезекті келіссөз соңғы рет 14 наурызда өткен болатын.

Одан бөлек, Ресей президенті Владимир Путин Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесіп, Владимир Зеленскиймен кездесуге қарсы емес екенін мәлімдегенін жазған едік.

Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглудың сөзінше, Түркия Ресей мен Украина басшыларының кездесуін ұйымдастыру үшін бар күшін салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1961589-uaqyt-zetti-zelenskii-maskeudi-tagy-kelissozge-saqyrdy/

pixel