Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады
Опубликовано:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық республикасының төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданының маңында "China Eastern Airlines" әуе компаниясы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады.
"Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтың және жеке өзімнің атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас қытай халқына қайғыра көңіл айтамын", – делінген жеделхатта.
Айта кетейік, бұған дейін бортында 133 адам болған ұшақтың Қытайдың оңтүстігінде апатқа ұшырағанын жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1961737-toqaev-qxr-toragasy-si-czinpinge-konil-aitu-zedelxatyn-zoldady/