Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Қанат Бозымбаевтың ағылшынша сөйлегені қызу талқылануда (видео)

Опубликовано:

Қанат Бозымбаев
Қанат Бозымбаев. Фото: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты

Желіде Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың Еңбекшіқазақ ауданында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) өкілдері қатысқан демонстрациялық алаңның ашылуында ағылшын тілінде сөйлеген сәтінің видеосы талқылануда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео әлеуметтік желіде тарап жатыр. Өңір басшысы іс-шара кезінде қалжың айтқан.

"Бүкіл әлем күресіп үйренді, пандемияны толық жеңді десек те болады. Біз масканы да шешіп үлгердік. Бірақ бүгін мұнда ДДСҰ басшылығы келуіне байланысты оны қайтадан тағып алдық"", - деген Бозымбаевтың сөзі жиналғандардың езуіне күлкі үйірген.

Содан кейін ол ағылшын тілінде мәтін оқыған. Алматы облысы әкімінің ағылшын тілінде сөйлеуі желі қолданушыларының ыстық ықыласына ие болған. Олар шенеуніктің шет тілін жоғары дейгеңде білуіне жақсы баға берген.

"Облыстың тәжірибелі әкімі", "Жарайсыз", "Тамаша", "Әкімнің ағылшыншасына сөз жоқ", "Қалжыңға жақын әрі ағылшын тілін біледі", - деді желідегілер.

Ағылшын тілінде сөйлегені желідегілердің қызу талқысына түскен Қанат Бозымбаевтың өзі де пікір білдірді.

"Меніңше, қазір ағылшын тілін білу арқылы ешкімді таңғалдыра алмайсың. Сол себепті менің ағылшын тілінде сөйлеген сөзім қоғам, блогерлер мен БАҚ тарапынан қызығушылық тудырғанына таңдандым. Одан бөлек менің деңгейім advanced емес (ілгері деңгей емес).

Бір кездері мен үш ай шетелде оқыдым. Тілді білу маған шетелдік инвесторлармен байланысуды жеңілдететінін атап өткім келеді", - деді Алматы облысының әкімі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1963150-zelide-qanat-bozymbaevtyn-agylsynsa-soilegeni-qyzu-talqylanuda-video/

pixel