Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын 58 жасқа дейін төмендету ұсынылды

Опубликовано:

зейнет жасы
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазақстан халық партиясы" орталық аппараты саяси бюро отырысында Конституцияға өзгерту енгізуге байланысты партияның жаңа бастамалары жария етілді, онда әйелдердің зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендету ұсынылды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі ҚХП ресми Youtube арнасына сілтеме жасап.

Партия мүшелері жаңартылған Конституцияда халық билігі, халықтық меншік және әлеуметтік әділеттілік қағидаттары жүзеге асырылуы тиіс деп есептейді.

Осы бастамамен олар "Жер, оның қазынасы мен байлығы Қазақстан халқына тиесілі" деген тезисті бекітпек.

"Жерге, оның қойнауы мен байлығына халық меншігін бекітуді ұсынып отырмыз, сонда әрбір қазақстандық жер мен тау-кен жұмыстарына иелік етуге және одан табыс алуға конституциялық құқыққа ие болады", - деді Қазақстан халық партиясының жаңа төрағасы Ермұхамет Ертісбаев.

Сондай-ақ, ҚХП Қазақстанда ерлер 63 жастан, әйелдер 58 жастан зейнетке шығуы керек деген ұсыныс тастады.

"Мемлекет ерлердің 63 жастан, әйелдердің 58 жастан зейнетке шығуына кепілдік беруі керек. Басты әлеуметтік кепілдік ретінде біз азаматтардың зейнет жасын Конституцияға бекітіп, бұл мәселеге нүкте қоюды ұсынамыз. Әйелдердің зейнет жасын ұлғайтудағы қатені түзетіп, оны 58 жасқа дейін қысқарту қажет деп санаймыз", - деді Қазақстан халық партиясының жаңа төрағасы Ермұхамет Ертісбаев.

Сонымен қатар, партияның ұстанымына сәйкес, мемлекет зейнетақы, шәкіртақы және басқа да әлеуметтік төлемдерді өткен жылғы инфляциядан жоғары деңгейге дейін индексациялауы тиіс.

"Бұл шығындар бәрінен жоғары тұруы қажет және ол үкімет шешімдеріне тәуелді болмауы керек", - дейді партиялықтар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1963541-qazaqstanda-aielderdin-zeinetke-sygu-zasyn-58-zasqa-deiin-tomendetu-usynyldy/

pixel