jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев "Алматы БалаFEST" қалалық балалар фестивалінің қорытынды іс-шарасына барды (фото, видео)

    Фото
    Фото: t.me/bort_01

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Алматы БалаFEST" қалалық балалар фестивалінің қорытынды іс-шарасына барды. Бұл туралы Ақорда Борт №1 Telegram арнасында хабарлады.

    Ботаникалық бақта өтіп жатқан "Алматы БалаFEST" мерекелік балалар фестивалі Президент жариялаған "Балалар жылы" аясында ұйымдастырылған.

    Фото
    Фото: t.me/bort_01

    Ботаникалық баққа бір ай бойы байқауға қатысқан әртүрлі жастағы балалар жиналды. Қала мектептерінің, гимназиялардың, интернаттардың 5 пен 17 жас аралығындағы 300 мыңнан астам оқушысы қабілетін, шеберлігін және дарынын көрсете отырып, спорт, шығармашылық және интеллектуалдық сайыстарға қатысқан.

    Фото
    Фото: t.me/bort_01

    Ботаникалық бақ аумағында бірнеше негізгі аймақ бар:

    • "ART SPACE" аймағы;
    • "Кітаптар қазынасы" кітап көрмесі;
    • "ECO LAB" экологиялық аймағы;
    • "Шахмат әлемі" аймағы;
    • "ROBO LAND" аймағы;
    • "Жас өрендер" концерт алаңы.
    Фото
    Фото: t.me/bort_01

    Фото
    Фото: t.me/bort_01

    Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Алматының символы – алманың пішінінде жасалған экспозицияға қолтаңбасын қалдырды.

    Тоқаев
    Фото: t.me/bort_01

    Тоқаев "Алматы БалаFEST" қалалық балалар фестивалінің қорытынды іс-шарасына барды (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.