"Әр азаматтың дауысы маңызды": Президент референдумға қатысты халыққа үндеу жасады (видео)
Жарияланған күні:
Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы референдумға байланысты халыққа үндеу жасады. Үндеудің толық видеосын Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында жариялады.
Президент үндеуінде бұл референдумда әр азаматтың дауысы маңызды екенін, себебі әрбір азамат тұтас ұлттың тағдырына, яғни тікелей өз тағдырына оң ықпал ете алатынын айтты.
Сонымен қатар мемлекет басшысы алдағы референдумда Ата заңның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу жоспарланып отырғанын атап өтті.
Еске сала кетейік, республикалық референдум елімізде 5 маусымда өтеді.
Осыған байланысты еліміздің Бас прокуратурасы да халыққа үндеу жасаған болатын.
Ведомство конституцияға (83-бап) сәйкес, прокуратура органдары референдумға дайындық пен оны өткізудің барлық сатыларында заңдылықтың сақталуын қатаң қадағалауды қамтамасыз етіп жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар ведомство заңдылықты қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында азаматтарды, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарын қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтауға шақырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1972461-prezidenttin-referendumga-qatysty-beineundeui-bastaldy-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.