Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент: Әрбір азамат тұтас ұлттың тағдырына, тікелей өз тағдырына оң ықпал ете алады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусым күні өтетін референдумға қатысты Қазақстан халқына үндеу жасады. Өз үндеуінде ол әр азаматтың дауысы маңызды екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Алдағы референдум мемлекетімізді нығайтуға және қоғамды тың серпінмен дамытуға жол ашады.

Мен әрбір азаматымызды ел тағдырын айқындайтын тарихи таңдау жасауға шақырамын. Бұл референдумда әр азаматтың дауысы маңызды.

Әрбір азамат тұтас ұлттың тағдырына, яғни тікелей өз тағдырына оң ықпал ете алады. Ендеше, 5 маусым күні өз таңдауымызды жасайық!

Жаңа Қазақстанды бәріміз бірге құрайық", -деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1972465-qasym-zomart-toqaev-referendum-zaily-ar-azamattyn-dauysy-manyzdy/

pixel