Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысы әкімінің тағы бір орынбасары тағайындалды

Опубликовано:

Әлібек Жақанбаев
Әлібек Жақанбаев. Фото:: facebook.com/ZhetysuPress

Әлібек Әскербекұлы Жақанбаев Жетісу облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы өңір әкімдігі Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады.

Әлібек Жақанбаев 1964 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары.

Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын орман шаруашылығы, Қазақ ұлттық аграрлық университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алакөл ауданында "Левобережный" кеңшарының жұмысшысы болып бастаған.

Ұзақ жыл Алакөл ауданы Үшарал қаласында орман шаруашылығы саласында еңбек еткен.

Сондай-ақ Сарқан, Алакөл, Еңбекшіқазақ аудандарының әкімі қызметтерін атқарған.

2022 жылдың ақпанынан бүгінге дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары болған.

Айта кетейік, бұған дейін Жетісу облысы әкімінің орынбасары болып Жеңіс Тұяқов тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1975889-zetisu-oblysy-akiminin-tagy-bir-orynbasary-tagaiyndaldy/

pixel