Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысы әкімінің үшінші орынбасары тағайындалды

Опубликовано:

Рустам Али
Рустам Али. Фото: facebook.com/ZhetysuPress

Жетісу облысы әкімінің орынбасары болып Рустам Али тағайындалды, деп хабарлайды өңір әкімдігі ресми Facebook парақшасында.

Рустам Али 1984 жылы дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасы мен докторантурасын шығыстану мамандығы бойынша, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін қаржы мамандығы бойынша тәмәмдаған. PhD философия докторы.

Еңбек жолын Алматы қаласында "Деловая неделя" газетінде тілші болып бастап, осы газетте бөлім редакторы, бас редактордың орынбасары болған.

Әр жылдарда Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының "Жетісу жастары" Жастар орталығы" МКҚК директоры, Ескелді ауданы Қайнарлы ауылдық округінің әкімі, Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы, облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы, Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарған.

2021 жылдың мамырынан бүгінге дейін Ескелді ауданының әкімі болған.

Айта кетейік, бұған дейін Жетісу облысы әкімінің екі орынбасары тағайындалған еді. Олар Жеңіс Тұяқов пен Әлібек Жақанбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1975892-rustam-ali-zetisu-oblysy-akiminin-orynbasary-boldy/

pixel