Тоқаев қастандық жасалған Синдзо Абэнің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қастандық жасалған Жапонияның экс-премьер-министрі Синдзо Абэнің тезірек сауығып, отбасына оралуына тілектестік білдірді.
"Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге жасалған қастандықты Қазақстан жұртшылығы ауыр қабылдап, алаңдаушылық білдіруде. Белгілі саясаткердің тезірек сауығып, отбасына оралуына тілектестік білдіремін", - деп жазады президент Instagam парақшасында.
Еске сала кетейік, Синдзо Абэге бүгін, 8 шілдеде Жапонияның Нара қаласындағы көшелердің бірінде сөз сөйлеп тұрған сәтте қастандық жасалады.
Қазір экс-премьер ауруханада жатыр. БАҚ-тың мәліметінше, Синдзо Абэның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1977581-toqaev-qastandyq-zasalgan-sindzo-abenin-tezirek-sauygyp-ketuine-tilektestik-bildirdi/