Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Парасатты көшбасшы": Тоқаев Синдзо Абэнің қазасына байланысты көңіл айтты

Опубликовано:

Синдзо Абэ
Синдзо Абэ. Фото: Tomohiro Ohsumi/Getty Images

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония премьер-министрі Фумио Кишидаға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэнің қастандық әрекет салдарынан қаза болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

"Әлем жұртшылығы Синдзо Абэні елінің дамуы мен баянды болашағы үшін ұзақ жылдар бойы қажырлы қызмет еткен көрнекті саясаткер, халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға сүбелі үлес қосқан парасатты көшбасшы деп біледі.

Синдзо Абэнің жарқын бейнесі Қазақстан халқының жадында қазақ-жапон арасындағы достық пен сенімді бекемдей түскен тұлға, сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген мемлекет қайраткері ретінде мәңгі сақталады.

Қазақстан халқының және жеке өз атымнан марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, сондай-ақ барша отандастарыңызға қайғыра көңіл айтамын", – делінген жеделхатта.

Айта кетсек, Синдзо Абэ Жапонияның премьер-министрі қызметін екі рет – 2006-2007 және 2012-2020 жылдары аралығында атқарды. Ол бұл қызметті ел тарихында ең ұзақ уақыт атқарған шенеунік болып есептеледі.

Бүгін, 8 шілдеде Нара қаласында көшеде бұрын өзі басқарған Либералды-демократиялық партияны қолдап, парламенттің жоғарғы палатасының сайлауалды науқаны аясында сөз сөйлеп тұрған Синдзо Абэге қастандық жасалды.

Саясаткерге оқ атқан күдікті оқиға орнында ұсталды.

Алайда 67 жастағы Синдзо Абе қастандық кезінде алған жарақатынан Нара университетінің ауруханасында қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1977654-parasatty-kosbassy-toqaev-sindzo-abenin-qazasyna-bailanysty-konil-aitty/

pixel