Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Қастандық жасалған Жапонияның экс-премьер-министрі Синдзо Абэ қайтыс болды

Опубликовано:

Синдзо Абэ
Синдзо Абэ. Фото: The Asahi Shimbun/Getty Images

Жапонияның 67 жастағы бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абе Нара университетінің ауруханасында қайтыс болды. Оған Нара қаласында қастандық жасалған болатын, деп хабарлайды Kyodo News.

Айта кетсек, Синдзо Абэ Жапонияның премьер-министрі қызметін екі рет – 2006-2007 және 2012-2020 жылдары аралығында атқарды. Ол бұл қызметті ел тарихында ең ұзақ уақыт атқарған шенеунік болып есептеледі.

Естеріңізге сала кетейік, Нара қаласында көшеде бұрын өзі басқарған Либералды-демократиялық партияны қолдап, парламенттің жоғарғы палатасының сайлауалды науқаны аясында сөз сөйлеп тұрған Синдзо Абэге қастандық жасалғанын жазған едік.

Жараланған Синдзо Абэ шұғыл түрде тікұшақпен ауруханаға жеткізілген. Нара университетінің ауруханасы экс-премьердің өздеріне жеткізілгенін растаған.

Кейінірек бұқаралық ақпарат құралдары Синдзо Абэге оқ атқан адамның кім екені анықталғанын хабарлады. Күдікті - Нара қаласының тұрғыны Тэцуя Ямагами. Ол 2005 жылға дейін жапон теңіз флотының өзін-өзі қорғау күштерінде үш жыл қызмет еткен. Тұтқындау кезінде ер адам қарсылық көрсетпеген.

Одан бөлек, әлеуметтік желілерде саясаткерге қастандық жасалған сәтінен видеолар жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1977607-zaponiyanyn-eks-premer-ministri-sindzo-abe-qaitys-boldy/

pixel