Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Жапонияның экс-премьер-министрі Синдзо Абэге қастандық жасалды

Опубликовано:

Синдзо Абэ в маске около больницы
Синдзо Абэ. Фото: Kyodo News via Getty Images

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге қастандық жасалды, деп хабарлайды РБК жергілікті NHK телеарнасына сілтеме жасап.

БАҚ-тың жазуынша, қастандық жасалған сәтте Синдзо Абэ Нара қаласында көшеде бұрын өзі басқарған Либералды-демократиялық партияны қолдап, парламенттің жоғарғы палатасының сайлауалды науқаны аясында сөз сөйлеп тұрған.

Телеарна тілшісінің мәліметінше, бір уақытта мылтықтың даусына ұқсас екі рет атылған дыбыс естілген, осы сәтте Жапонияның экс-премьер-министрі есінен танып қалған.

Болжам бойынша оған арқа тұсынан оқ тиген болуы мүмкін.

Сонымен қатар телеарна Абэ шұғыл түрде тікұшақпен ауруханаға жеткізілгенін, қазір оның жағдайы ауыр деп бағаланып отырғанын атап өтті.

Ал оқ атқан ер адам оқиға орнында ұсталған. Күдікті шамамен 41 жастағы жергілікті тұрғын. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Еске сала кетсек, Синдзо Абэ Жапонияның премьер-министрі қызметін екі рет – 2006-2007 және 2012-2020 жылдары аралығында атқарды.

Ол бұл қызметті ел тарихында ең ұзақ уақыт атқарған шенеунік болып есептеледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1977521-baq-zaponiyanyn-buryngy-premer-ministrine-qastandyq-zasaldy/

pixel