Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО әкімі Даниал Ахметов қанша жалақы алатынын айтты

Опубликовано:

Даниал Ахметов
Даниал Ахметов: ШҚО әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов ОКҚ-де өткен брифингте жалақысы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Сіз ұзақ жылдар бойы Шығыс Қазақстан облысын басқарып келесіз, бұған дейін басқа өңірдің басшысы болдыңыз. Бірақ сіз қанша айлық алатыныңызды ешқашан айтқан емессіз. Айтыңызшы, қазір табысыңыз қанша және облыс бөлінгеннен кейін жалақыңыз азайып қалмады ма?", - деп қызығушылық танытты БАҚ өкілі.

Журналистің сұрағына жауап берген Даниал Ахметовтің айтуынша, ол екі миллион теңгеден аса жалақы алады.

"Мен әкімдердің жалақы жүйесі туралы қысқаша айта кетейін. Біріншіден, әкімдердің базалық айлығы бірдей. Яғни, базалық сан және оның өсуі жұмыс өтіліне байланысты. Жұмыс өтілімді айтсам, қазір мені тағы да сынай бастайсыздар, менің жұмыс өтілімім - 48 жыл. Бұл сіздің кез келгеніңіздің жұмыс өтілімен салыстырып қарағанда, әлдеқайда көп.

Менің мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілімім – 33 жыл. Бүкіл өмірбаянымды айтпай-ақ қояын. Бірақ көптеген әріптесіммен салыстырғанда, бұл жұмысқа өндірістік базамен келдім.

Сонымен, біздің әкімдердің айлығы бірдей, менің 48 жылдық еңбек өтілімім бар, мемлекеттік қызметтегі өтілімім 33 жыл, айлығым – екі миллион теңгеден асады", – дейді ШҚО әкімі.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қанша жалақы алатынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1978496-sqo-akimi-danial-axmetov-qansa-zalaqy-alatynyn-aitty/

pixel