jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Атадағы мұражай-үйінде болды (фото)

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Фото: t.me/bort_01

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шолпан-Ата қаласында орналасқан Мұхтар Әуезовтің мұражай-үйінде болды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі Борт №1 Telegram-арнасында хабарлады.

    "Музей-үйде Президент Мұхтар Әуезовтің бюстін ашып, құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды", – делінген хабарламада.

    Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Атадағы үйі 1959 жылы салынған. Қазақтың ұлы жазушысы бұл үйде 1959-1961 жылдары тұрып, жұмыс істеген, сондай-ақ өзінің "Өскен Өркен" атты соңғы романын жазуды қолға алғанымен, оны аяқтай алмай кетті.

    Фото
    Фото: t.me/bort_01

    1970 жылдың қыркүйек айында мұнда Мұхтар Әуезовтің кітапхана-мұражайының ресми түрде ашылу рәсімі өтеді.

    Қазіргі уақытта мұражайда жазушының жеке заттарынан үстел, орындықтар, тербелмелі кресло, үстел сағаты, киім ілгіш, кітап шкафы және кітаптары сақталған.

    Фото
    Фото: t.me/bort_01

    Кітапхана кітаптарының алғашқы 5000 данасы жазушының қызы Лейла Мұхтарқызының бастамасымен жиналды. Қазір кітапханадағы кітап қоры – шамамен 12 000 кітап.

    Кітапхана-музейде семинарлар, оқу конференциялары мен кездесулер өткізіліп тұрады.

    Тоқаев Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Атадағы мұражай-үйінде болды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.