Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапары аяқталды (видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров. Фото: t.me/bort_01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары аяқталды. Шығарып салу рәсімінде түсірілген видео Борт №1 Telegram арнасында жарияланды.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты "Ыстықкөл" әуежайынан шығарып салу сәті", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына кеше, 20 шілдеде барды. Сапардың алғашқы күнінде Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан президенттерінің бейресми кездесуі өтті.

Кейінірек, Тоқаев, Жапаров пен Мирзиеев "Дордой Номад" мәдени орталығына барды.

Ал бүгін, 21 шілдеде Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуі өтті. Жиынға Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1979615-qasym-zomart-toqaevtyn-qyrgystanga-resmi-sapary-ayaqtaldy-video/

pixel