Кіші қажылығын өтеген Қасым-Жомарт Тоқаев Қағбаның ішіне кірді (фото, видео)
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Меккеде ұмра қажылығын (кіші қажылық) өтеді. Бұл туралы Борт №1 Telegram арнасы хабарлады.
"24 шілдеде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ислам әлемі үшін қасиетті мекен – Мекке қаласында ұмра немесе кіші қажылығын өтеді.
Президент Қағбаның ішіне кіру мәртебесіне ие болды. Оның есігі ерекше жағдайларда және аса сыйлы қонақтарға ғана ашылады. Бұл Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан президентіне көрсеткен зор құрметін білдіреді", - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қос Киенің сақшысы – Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен Джидда қаласына ресми сапармен барғанын хабарлаған едік.
Президенттің ресми сапары аясында бірқатар құжатқа қол қойылды.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы королін "Алтын Қыран" орденімен марапаттаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1979969-qasym-zomart-toqaev-kisi-qazylygyn-otedi/