Тоқаев Сауд Арабиясы королін "Алтын Қыран" орденімен марапаттады
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы королін "Алтын Қыран" орденімен марапаттады, деп хабарлайды Ақорда.
"Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық пен серіктестікті нығайтуға қосқан зор үлесі үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаев король Салман бен Әбделәзиз Әл Саудты еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы – "Алтын Қыран" орденімен марапаттады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жидда қаласына ресми сапары аясында Сауд Арабиясы тарапына орденді салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қос Киенің сақшысы – Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен Джидда қаласына ресми сапармен барғанын хабарлаған едік.
Президенттің ресми сапары аясында бірқатар құжатқа қол қойылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1979952-toqaev-saud-arabiyasy-korolin-altyn-qyran-ordenimen-marapattady/