Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президенттің жарлығымен Марат Омаров лауазымды қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Марат Омаров
Фото: gov.kz

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы тағайындалды. Бұл қызметке Марат Омаров келді, деп хабарлайды Ақорда.

"Марат Талғатұлы Омаров Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын", - делінген құжат мәтінінде.

Марат Омаров бұған дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Еске сала кетейік, кеше, 15 тамызда мемлекет басшысының жарлығымен Бақыт Сұлтанов премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі лауазымынан босатылған еді.

Кейінірек оның орнына Серік Жұманғарин келді. Ол Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды.

Марат Омаров туралы не білеміз?

Марат Омаров 1988 жылы туған.

2010 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша британдық Йорк университетін "философия, саясаттану, экономика" мамандығы бойынша, 2011 жылы әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесі беріле отырып, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін (LSE) бітірді.

2012-2014 жылдары - Экономикалық даму және сауда, кейіннен- Экономика және бюджеттік жоспарлау, Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі.

2014-2016 жылдары - Ұлттық экономика министрлігінің тарифтік және институционалдық саясатты қалыптастыру департаменті директорының орынбасары.

2016-2017 жылдары – "Қазақтелеком" АҚ-ның басқарушы директоры.

2017-2019 жылдары - "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ Басқарма төрағасы, трансформациядан кейін – QazTech Ventures АҚ Басқарма төрағасы ("Бәйтерек ҰБХ" АҚ құрылымына кіреді).

2019 жылдан бастап 2020 жылғы қазанға дейін – "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ басқарушы директоры - Басқарма мүшесі.

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ, "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1983455-prezidenttin-zarlygymen-marat-omarov-lauazymdy-qyzmetke-tagaiyndaldy/

pixel