Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айрықша достық атмосферада өтті": президенттің баспасөз хатшысы Тоқаев пен Путиннің Сочидегі кездесуі жайлы айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев және Владимир Путин
Қасым-Жомарт Тоқаев және Владимир Путин. Фото: Ақорда

Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібей Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің Сочидегі кездесуі жайлы айтты. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.

Руслан Желдібейдің сөзінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Сочиде ұзаққа созылған жеке кездесудегі келіссөздің қорытындысына көңілі толатынын жеткізген.

Мемлекет басшысының пікірінше, келіссөз өзара сенім әрі іскерлікпен ерекшеленген айрықша достық атмосферада өткен.

Президент сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастыққа, екі елдің халықаралық аренадағы өзара іс-әрекетіне қатысты барлық мәселелер жан-жақты талқыланғанын атап өткен.

"Мемлекеттер басшылары өздерінің деңгейіндегі уағдаластықтарды екі ел үкіметтерінің тұрақты түрде жүзеге асыруы маңызды деп түсінеді. Президенттер тұрақты жұмыс байланыстарын жалғастыруға келісті. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге құрметі мен қонақжайлығына шынайы ризашылығын білдірді", - деп жазды Руслан Желдібай.

Айта кетейік, 19 тамызда мемлекет басшысының жұмыс сапарымен Ресейдің Сочи қаласына барды. Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесіп, олардың кездесуі 2,5 сағатқа созылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1984079-aiyryqsa-dostyq-atmosferada-otti-prezidenttin-baspasoz-xatsysy-toqaev-pen-putinnin-socidegi-kezdesui-zaily-aitty/

pixel