Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев пен Путиннің кездесуі 2,5 сағатқа созылды (видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев және Владимир Путин
Қасым-Жомарт Тоқаев және Владимир Путин. Фото: Telegram/Bort_01

Сочиде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің келіссөздері аяқталды. Бұл туралы Bort1 Telegram-каналы хабарлады.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлағандай, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің кездесуі 2,5 сағатқа созылған.

"Қазақстан мен Ресей президенттері екіжақты кездесуден кейін жылы лебізбен қоштасты", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, жұма, 19 тамызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ресейдің Сочи қаласына барды.

Келіссөз барысында Қазақстан және Ресей президенттері екі елдің стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелерін талқылады. Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1984062-toqaev-pen-putinnin-kezdesui-25-sagatqa-sozyldy-video/

pixel