Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сыртқы істер министрлігі Украина елшісіне наразылық білдірді

Опубликовано:

Украина елшісі СІМ-де
Украина елшісі Петр Врублевский СІМ-де. Фото: СІМ ресми сайты

Сыртқы істер министрлігінде министрдің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаевтың Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевскиймен кездесуі өтті, деп хабарлайды СІМ ресми сайтында.

Ведомствоның мәліметінше, кездесу барысында украиналық елшіге оның биыл 21 тамызда қазақстандық блогер Диас Құзайырға берген сұхбатында айтқан мәлімдемелеріне байланысты наразылық білдірілген.

"Қазақстан тарапы мұндай мәлімдемелердің шет мемлекет елшісінің қызметіне сай келмейтіндігі және қолайсыздығы туралы ұстанымын білдірді. Мұндай іс-қимылдар мемлекеттер арасындағы достық қатынастарға нұқсан келтірмеуге тиіс", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевскийдің қазақстандық блогерге берген сұхбатындағы мәлімдемесімен келіспейтінін жеткізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1984434-syrtqy-ister-ministrligi-ukraina-elsisine-narazylyq-bildirdi/

pixel