jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Польшада тұтқындалған қазақстандық бостандыққа шықты: Тоқаев бірқатар елдің басшыларына алғыс айтты

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Польшада тұтқындалған Қазақстан азаматының бостандыққа шығуына септігін тигізген Беларусь президенті мен Ресей президентіне ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Польша президентіне осы жағдайға байланысты байыпты шешім қабылдағаны үшін алдағы уақытта алғыс айтып, хат жолдамақ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияр Telegram желісіндегі арнасында мәлім етті.

    "Польша республикасының аумағында бұған дейін тұтқындалған Қазақстан азаматы биыл 28 сәуірде бостандыққа шыққаны белгілі.

    Мұндай нәтижеге Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан азаматтарын, соның ішінде шетелдегі отандастарымыздың құқығы мен мүддесін дәйекті түрде қорғауының арқасында қол жеткізілді", - делінген хабарламада.

    Осы орайда мемлекет басшысы таяуда Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесіп, күрделі жағдай кезінде екі ел конструктивті тұрғыдан ынтымақтаса әрекет еткені үшін ризашылығын білдірген.

    Сонымен қатар Қазақстан президенті оңтайлы нәтижеге қол жеткізуге ықпал еткен Ресей президенті Владимир Путинге де алғыс айту орынды деп санайды.

    Мемлекет басшысы Польша президенті Кароль Навроцкий мен премьер-министр Дональд Тускке Польша тарапы орын алған жағдайға байланысты байыпты шешім қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, хат жолдамақ.

    Польшада тұтқындалған қазақстандық бостандыққа шықты: Тоқаев бірқатар елдің басшыларына алғыс айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.