Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев мемлекет басшысын тек 7 жылға сайлауды ұсынды

Опубликовано:

Тоқаев1
Фото: Alexander Astafyev\TASS via Getty Images

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында елімізге "бір реттік президенттік" енгізуді ұсынды. Оған сәйкес, президент тек жеті жылға және бір рет қана сайлана алады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады", - деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасады.

Оның барысында мемлекет басшысы осы жылдың күзінде Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды. Ол өз өкілеттік мерзімін қысқартуға және сайлауға қатысуға дайын екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1985713-bir-rettik-prezidenttik-toqaev-memleket-bassysyn-tek-7-zylga-sailaudy-usyndy/

pixel