Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутаттар Тұңғыш президент күнін мемлекеттік мереке қатарынан алып тастауды талқыламақ

Опубликовано:

Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Elbasy.kz

Мәжіліске Тұңғыш президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастауға бағытталған заң жобасы ұсынылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мұндай бастама "Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасының қорытындысында көрініс тапқан.

Қорытынды мәтінінде мұндай өзгеріс мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 16 маусымдағы Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасын орындау үшін енгізілетіні айтылған.

"25 қазанды ұлттық мереке - Республика күні деп белгілеу, 16 желтоқсанды мемлекеттік мереке - Тәуелсіздік күні ретінде белгілеу, сонымен қатар, 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және басқа да жоғары әлеуметтік маңызы бар дата ретінде мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тасталу ұсынылады", - делінген Мәжіліс комитетінің қорытындысында.

Айта кетейік, 2011 жылдың 10 желтоқсанда Сенат депутаттарының бастамасымен "Қазақстан республикасындағы мерекелер туралы" Заңға толықтыру енгізу туралы" Заң қабылданған болатын. Оған сәйкес, 1 желтоқсанда атап өтілетін Тұңғыш президент күні белгіленген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1986567-deputattar-tungys-prezident-kunin-memlekettik-mereke-qatarynan-alyp-tastaudy-talqylamaq/

pixel