Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады. Қасым-Жомарт Кемелұлы БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясының жалпы дебатына қатысады, деп хабарлайды президент баспасөз қызметінің БОРТ N1 ресми Telegram арнасы.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысының сапар бағдарламасы тығыз.

Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясының жалпы дебатына қатысады.

"Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларымен, АҚШ-тың ірі қаржы институттарының және трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен, сарапшылар тобының өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр", – делінген ресми хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Тоқаевтың Өзбекстанға ресми сапары аяқталды. Онда Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне қатысты.

Ал одан бір күн бұрын президент әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің жабылу рәсіміне қатысты, содан кейін ол Рим Папасы Францискті әуежайға шығарып салғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1988284-qasym-zomart-toqaev-nyu-iorkke-zumys-saparymen-barady/

pixel